$ 518.14  537.57  5.27

Шымкентте аттракциондар саябағынан өрт шықты (ВИДЕО)

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері аттракциондар саябағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағының аумағында төбе астында орналасқан ойын автоматтарында өрт орын алып, екі қабатты мейрамхана шатыры мен екі кеңсе бөлмесіне тараған. 

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 230 ш.м. құрайтын өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары