$ 511.18  530.6  5.28

Алматы-Бішкек тас жолында үш адам қаза тапты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары