$ 497.88  518.59  5.44

Оқушының сабағына көмектескен күзетші көптің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Жұмыс уақыты болса да Жәнібек Қалдыбеков оқушыға бар ынтасымен математика амалдарын түсіндіріп, есепті шығаруға жәрдемдескен. Ол қаншама жыл өтсе де «Көбейту кестесі» есінде екенін айтады.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектескен күзетшінің видеосы тарап, желі қолданушыларының ықыласына бөленді. Күзетші Шымкенттегі мектептердің бірінде жұмыс істейді, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, желі жұлдызына айналған күзетішінің есімі – Жәнібек Қалдыбеков. 63 жастағы азамат мектеп күзетшісі қызметіне жуырда қабылданған. Бұған дейін 40 жылға жуық уақыт автокөлік жүргізушісі болған.

Ал оқиға түсқайта Шымкенттегі мектептердің бірінде шығаберістегі бөлмеде болған.

Сабақ аяқталып, анасын күтіп отырған бастауыш сынып оқушысы бос уақытын құр өткізбей, үй тапсырмасын орындауға кіріседі. Алғашында балақайдың бұл әрекетін қызықтаған күзетші есепті бірге шығаруға кірісіп кеткенін өзі де байқамай қалады.

Жұмыс уақыты болса да Жәнібек Қалдыбеков оқушыға бар ынтасымен математика амалдарын түсіндіріп, есепті шығаруға жәрдемдескен. Ол қаншама жыл өтсе де «Көбейту кестесі» есінде екенін айтады.

Ал осы сәтті видеоға түсіріп, желіде жариялаған мектеп директорының орынбасары Думан Әсембек болып шықты. Видео әп-сәтте тез таралып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен.

Думан Әсембек видеоны жариялаудағы мақсат – адамның бойындағы ізгілік, жанашырлық сияқты құндылықтарды насихаттау, көпке үлгі ету дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары