$ 488.53  531.91  5.68

Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген

Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысында ер адам жанжал кезінде бұрынғы әйелін өлтірген, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Щучинск қаласында болған.

«11 ақпанда ер адам бұрынғы азаматтық некедегі жұбайына пышақ сұққан. Келіншек сол жерде қаза тапқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Ақмола облысының Полиция департаменті.

Щучинск қаласының тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары