$ 494.87  520.65  4.91

Ажырассам, бақытты бола аламын ба?

Амансыздар ма, қымбатты оқырман! Қалдарыңыз қалай? Мұңымды шағатын жанымда ешкім жоқ, сондықтан ақыл-кеңес беріп қалар деген үмітпен осында жазып отырмын. 

Мен 24 жастамын, тұрмыс құрғаныма 7 ай болды. Жұбайлық өмірде бақыттымын деп айта алмаймын. Ата-енеммен тұрамыз. Өйткені күйеуім үйіндегі жазғыз ұл. Мен енеме келін боп түскелі ұнамадым, әлі көңілі толмайды. Қазір жүктімін, 5 айлық. Ертеден  кешке дейін жұмыстамын, күйеуім үйде жұмыссыз. Уақыт өткен сайын арамыз суып барады. Үйде күнде ұрыс-керіс, маған не дейтіндерін түсінбеймін. Не істесем де жақпай-ақ қойдым. Шынымды айтсам шарщап кеттім бәрінен. Ажырасып кеткім келеді. Баламды өзім жалғыз асырай аламын. Бірақ ажырасқан деген атқа қалудың жаман екенін білемін, бала әкесіз өскенін де қаламаймын, бірақ шыдамым таусылған секілді. 

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқиға #отбасы