Оқиғалар 27.05.2019 сағат 13:45

Ресейде түскі асын жылытпақ болған шопан 600 гектар алқапты өртеп алды

Бүгінде шопан қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Ресейде түскі асын жылытпақ болған шопан 600 гектар алқапты өртеп алды
фото: Ria.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Забайкалье аймағында түскі асын жылытпақ болған шопан 600 гектар алқапты өртеп алды, деп хабарлайды Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк. Бұл туралы ria.ru сайты жазады.

ІІМ өкілінің айтуынша, тергеушілер оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алған. Ал, құтқарушылар орманнан тезірек кетуге кеңес берді.

"Анықталғандай, 43 жастағы жергілікті шопан өзіне ас әзірлеу үшін от тұтатқан. Қатты жел соғып, тілсіз жау орманды шарпыған. Нәтижесінде 600 гектар алқап өртеніп кетті", - дейді Ирина Волк.

ІІМ өкілі шопанның өртті өз бетімен ауыздықтауға мүмкіндігі болмағанын, сонымен бірге өзгелерге хабар бермегенін айтады.

Шопан бүгінде полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе қарастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар