28.05.2019, 17:38

Ақыл-есі кем жеткіншек мектеп оқушысының басын балталап тастады. Қыз бала санавиациямен көрші қалаға жеткізілді

ulyanovsk.express
Даниил Пулькин мектепке екі апта бұрын шабуыл жасауды жоспарлаған. Суретшіге жолығып, қолына балта ұстаған суретке тапсырыс беріпті. Тіпті, жейдесіне "түңілдім" деп жаздыртыпты.

Саратов облысы Вольск қаласындағы мектеп оқушысы оқушыларға шабуыл жасады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Телеграмдағы Mash арнасына сілтеме жасап.  

Жасөспірім әкесіз өскен. Оны анасы бір өзі тәрбиелеген. Наурыз айында Даниил психодиспансерде ем алып шыққан. Мектепте достары да болмапты. Үнемі жалғыз жүретін болса керек.

Даниил Пулькин мектепке екі апта бұрын шабуыл жасауды жоспарлаған. Суретшіге жолығып, қолына балта ұстаған суретке тапсырыс беріпті. Тіпті, жейдесіне "түңілдім" деп жаздыртыпты.

Оқиға орнынан балта табылды. Жасөспірім бүгінде полиция учаскесінде жауап беріп жатыр.

Айта кетейік, жеткіншек мектеп оқушысы Дарья Козлованы балтамен басынан ұрған. Қыз бала санавиацияның көмегімен Саратовқа жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Пулькиндер отбасының танысы Даниилдің әкесі туралы жайттарды айтып берді. Отағасы өрт кезінде бейтаныс қарияларды құтқарамын деп көз жұмған екен. 

Бала жастайынан психикалық дертке шалдыққанға ұқсайды. 

Пулькиндер отбасына Федералды тергеу бюросы мен тергеу комитетінің өкілдері келді. Бүгінде көршілерін сұрақтың астына алып жатыр. Арнайы қызмет өкілдері жасөспірімнің болуы мүмкін үзеңгілестерін іздестіріп жатыр.

Даниил өзі іс-әрекетіне өкініш білдіреді.

«Не болғанын өзім білмеймін. Мен ондай емес едім ғой», - дейді жеткіншек. 

Тегтер: шабуыл Балта