Волонтерлер қаңтар айында жоғалған 46 жастағы Сергей Чуенконың өлі табылғанын хабарлады, деп жазады YK-news.kz.
1972 жылғы Сергей Чуенко 4 қаңтар күні сағат 23:30-да үйінен шығып, қайта оралмаған. Оның отбасы Возход кентінде тұрады.
Волонтерлердің мәліметінше, ер адамның денесі Восход кентіне 15 шақырым қашықтықта орналасқан автобазардан табылған.
Қайғылы жағдай себебін анықтауға арнайы сараптама тағайындалды.