07.06.2019, 16:00

Семейде жаңа жыл қарсаңында жоғалған ер адам өлі табылды

Фото: YK-news.kz
1972 жылғы Сергей Чуенко 4 қаңтар күні сағат 23:30-да үйінен шығып, қайта оралмаған. Оның отбасы Возход кентінде тұрады.

Волонтерлер қаңтар айында жоғалған 46 жастағы Сергей Чуенконың өлі табылғанын хабарлады, деп жазады YK-news.kz.

1972 жылғы Сергей Чуенко 4 қаңтар күні сағат 23:30-да үйінен шығып, қайта оралмаған. Оның отбасы Возход кентінде тұрады. 

Волонтерлердің мәліметінше, ер адамның денесі Восход кентіне 15 шақырым қашықтықта орналасқан автобазардан табылған. 

Қайғылы жағдай себебін анықтауға арнайы сараптама тағайындалды. 

Тегтер: Семей