Оқиға 20 маусым күні 15-дүкен ауданында болған, деп жазады alau.kz.
«ВАЗ 21103» автокөлігін жүргізген 1992 жылғы ер адам жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан бойжеткенді қағып кеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы іске қатысты қажетті әкімшілік материал жиналған.
Жедел жәрдем шақыртылып, бойжеткен ауруханаға жеткізілді.