$ 449.58  486.94  4.86

Өскеменде шалбарын шешкен ер адам балалар алаңқайында жүр (ВИДЕО)

Оқиға 20 маусым күні Гагарин 32 бульварының маңындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Өскеменде көпқабатты үй маңындағы алаңқайда шалбары түскен ер адам жүр, деп жазады YK-news.kz. 

Оқиға 20 маусым күні Гагарин 32 бульварының маңындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.  

Автор ер адамның спирттік ішімдік ішкенін жазған. Сондай-ақ куәгер оның аулаға шприц тастап кеткенін көрген. 

Жергілікті полицияға бұл оқиға жайлы хабар түспеген. Десе де құқық қорғаушылар  видеоға қатысты тексеріс жүргізілетінін айтады. 

«Қоғамдық орында сприттік ішімдік ішкен немесе әкімшілік құқық бұзғандарды көрсеңіздер «102» пультіне хабарласыңыздар»,  – дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өскемен