22.06.2019, 12:33

2 айлық сәби терезеден ұшып кетті: Балқашта жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты кезінде сәби анасының қолында болған.

Ақтоғай-Балқаш тас жолында «Мерседес» және «Мазда» маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысып қалды. Салдарынан екі айлық сәби терезеден ұшып кетіп, көз жұмды. Тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты кезінде сәби анасының қолында болған. Көлікке басқа автомобиль келіп соғылғанда келіншек баласын ұстап үлгере алмаған. Сол мезетте екі айлық сәби алдыңғы терезесінен ұшып кеткен.

«Сәби ауруханаға көптеген ауыр жарақаттармен түсті. Көп ұзамай бала қайтыс болды», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен тағы үш жолаушы жеткізілген.

 

«Балқашқа бағыт алған «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі, алдын ала ақпарат бойынша, қарама-қарсы жолаққа шығып, 26 жастағы Қарағанды облысы тұрғыны басқарған «Мазда» көлігімен соқтығысқан.

«Мерседес» автокөлігі мен екі көліктің үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 2- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.