22.06.2019, 13:00

Жамбыл облысында педофил 3 жасар қызды зорлады

Фото: Almaty.tv
Бұл іс облыс прокуроры мен облыстық полиция департаментіні бастығының қатаң бақылауына алынды.

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындары 3 жасар қызды зорлады деген 25 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады NewTimes.kz.

Оқиғаны полицейлер растап отыр.

«18 маусым күні Шу аудандық полиция бөлімшесіне 3 жасар қыздың зорланғаны жайлы xабар түсті. 25 жастағы күдікті уақытша қамау изоляторында жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп xабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұл іс облыс прокуроры мен облыстық полиция департаментіні бастығының қатаң бақылауына алынды.