24.06.2019, 10:00

Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді (ФОТО)

Фото: ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі
Өрттен жапа шеккен 1977 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді.

23 маусым күні сағат 19:21-де «101» пультіне Медеу көшесіндегі 2 қабатты жатақхана өртеніп жатқаны жайлы ақпарат түскен, хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өрт сөндіру жұмыстары сағат 20:12-де басталып, 20:45-те аяқталды. Қызыл жалынның жалпы аумағы 100 шаршы метр. Тілсіз жауды сөндіруге 23 өрт сөндіруші мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.  

Өрттен жапа шеккен 1977 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді. 

Дереккөз: NewTimes.kz