$ 498.34  519.72  4.85

«Қозғалтқышына көп құс кіріп кеткен»: 226 жолаушысы бар ұшақ апаттық жағдайда жерге қонды

Арна мәліметінше, «Уральские авиалиний» әуе желісіне тиесілі ұшақ Мәскеудегі «Жуковский» әуежайынан Симферопольге ұшып шыққан.

Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында бортында 226 жолаушысы бар ұшақ апаттық жағдайда жүгері алқабына қонды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lshot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Арна мәліметінше, «Уральские авиалиний» әуе желісіне тиесілі ұшақ Мәскеудегі «Жуковский» әуежайынан Симферопольге ұшып шыққан. Алайда біраз уақыттан кейін қозғалтқышы тұтанып, салдарынан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. 

Борттағы 226 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі үрлемелі басқыш арқылы дер кезінде салоннан шықты. Артынша ұшақ түтіндеп, өрт шыққан. Абырой болғанда, біраз уақыттан кейін өрт ошағы жойылды. 

«U6178 Жуковский-Симферополь рейсі Жуковскийден ұшып шыққанна кейін ұшақтың қозғалтқышына көп құс кіріп кеткен. Салдарынан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ», - дейді «Уральские авиалиний» әуе желісінің баспасөз қызметіндегілер. 

Ресейлік ТЖМ-ның жергілікті бөлімінің мәліметінше, қаза тапқандар жоқ. Оқиға салдарынан 10 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 3 бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары