$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтан: Автобуста газ баллон шашып, төбелес шығарған ер адам ұсталды

Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Елордада қалалық автобустардың бірінде бұрыш газ баллон шашып, төбелес шығарған азамат ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

«Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 15 тамызда 10:00 шамасында №9 автобуста болған. Белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ баллонын шашып жіберген. Артынша автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласының бетінен теуіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары