$ 449.3  489.69  4.89

«Өзбекстаннан көшіп келген»: Ақтөбе облысында кәсіпкер әйелді асқан қатігездікпен өлтіріп кетті

Ақтөбе облысының Бадамша ауылында кәсіпкер әйел қарақшылықпен өлтірілді.

14 тамыз күні Феруза Пірманованы өзінің азық-түлік дүкенінде пышақтап кеткен, деп жазады Мой Город.

Феруза 2003 жылы отбасымен бірге Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Ауылдастарының сөзінше оның күйеуі мен балалары домбыра тартып, түрлі байқауларда үздіктер қатарынан көрінген. 

«Феруза сабырлы жан еді. Ол барлық адамды бауырына тартатын. Оны да бәрі жақсы көрді. Біз ұжым болып көңіл айтуға бардық. Жерлеу рәсіміне бүкіл ауыл жиналды. Адамдар мұндай айуандықпен өлтірілген қылмысқа наразы боп отыр», - дейді марқұмның бұрынғы әріптесі Сәуле Байдәулетова. 

Полиция оқиғаға қатысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғады. Күдікті ретінде 2 ер адам ұсталды. Олардың бірі сол ауылдың, екіншісі – Хромтау қаласының тұрғыны. Қылмыстары дәлелденсе, 15 жылға бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары