Ресейдің Ульяновск облысы Патрикеево ауылында бір жеткіншек отбасын қырып тастап, артынан өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Zakon.kz ақпараттық порталы РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.
16 жастағы бала досына өзінің отбасы мүшелерін қалай өлтіретінін таңғы сағат 3-те WhatsApp-пен айтып, телефонға аудиохат қалдырған. Одан соң ойына алған жантүршігерлік жоспарды жүзеге асыруға кіріседі. Бала, ең алдымен қолына балтаны алып, өзін езгіге салды деп есептейтін анасы жатқан бөлмеге беттеген. Сол секілді ол 4 жасар егіз - інісі мен қарындасын да жек көрген.
Тырс ұйқыда жатқан оларды балталап өлтірген жеткіншек апасы мен атасын да еске алады. Олардың ашуланатынын біліп, олардың да көзін құртуды жөн деп табады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасын жаппай қырған студент артынан өзіне қол жұмсаған. Осылай қырылып қалған отбасы мүшелерінің денесі 18 тамызда таңертең табылды.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Мамандар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Облыстық прокуратура өкілінің айтуынша, қандықол жеткіншек шизофрениядан зардап шеккен болуы мүмкін.
"Бұл арада отбасының ауқаты болғанын, ал қылмысқа барған студенттің мектепте үздік оқушы, түрлі олимпиадалардың жүлдегері болғанын да айта кетелік", - деді прокурор.
Ал осы отбасының туысқаны марқұм отанасының бұрын ішімдікке қатты салынған кезі болғанын айтады. Бірақ оның арақты қойып кеткеніне біраз уақыт болған.
Ал хатта студент, ең алдымен өз-өзіне қол жұмсағысы келіп жүргенін айтқан. Ал ол жоқ болса, отбасы қиналып, жылайтынын, оны қаламайтынын, сондықтан бәрін өзімен "бірге ала кетуді" жөн көретінін айтыпты.
Айта кетсек, былтыр сәуір айында талдықорғандық 11-сынып оқушысы анасын асқан қатыгездікпен өлтірген болатын. Ол да мектептің үздік оқушысы. Ол ұйықтап жатқан анасын тұншықтырып өлтіріп, одан соң пышақтап, артынан өлі денеге ас содасын сепкен. Содан соң түк болмағандай компьютерлік клубқа барған, одан соң мектепке барған.