$ 494.87  520.65  4.91

Сұмдық: БҚО-да 362 тонна шөп өртеніп, 100-ден астам мал жанып кетті

«Болжаммен өрттің себебі – от қою. Материалдық шығын мен кінәлілер іздестіріліп жатыр», – дейді Ерлан Түрегелдиев.

Батыс Қазақстан облысында 100-ден аса мал өлді, деп хабарлайды tengrinews.kz, Мой городқа сілтеме жасап.

Өрт бүгін 3:10-да Жаңақала ауданындағы жеке шаруашылық аумағында болған.

БҚО ТЖД Зілзала қауіптерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Түрегелдиевтің айтуынша, өрт салдарынан 100-ден аса қой-ешкі және 8 ірі қара өлген.

Сондай-ақ, 162 тонна шөп өртенген. Өрт аумағы – 2450 шаршы метр. Нақты сандар анықталып жатыр.

«Болжаммен өрттің себебі – от қою. Материалдық шығын мен кінәлілер іздестіріліп жатыр. Оқиға орнында 4 өрт сөндіруші мен 1 арнайы техника жұмыс істеді. Өрт таңғы 09:00-де сөндірілген», – деді Ерлан Түрегелдиев.

Бәйтерек ауданындағы Достық ауылдық округында тағы бір өрт шықты. ЖШС аумағында 200 тонна шөп өртенді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары