Жексенбіде Испанияның Мальорка аралында шағын ұшақ пен тікұшақ соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Инка муниципалитетінде жергілікті уақытпен күндізгі сағат 13:35-те тікұшақ және жеңіл ұшақтың қатысуымен әуе апаты орын алды» деп жазды өңірлік үкімет Twitter парақшасында.
El Periódico газетінің хабарлауынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапқан. Оның ішінде екі бала бар. Оқиғаның себеп-салдары әлі айтылған жоқ. Тәртіп сақшылары апат бойынша тергеуді бастап кетті.