$ 498.34  519.72  4.85

Фастфуд көп жеген жігіт соқыр болып қалды

Англияның Бристоль қаласының тұрғыны жеген тағамдарындағы дәрумен жеткіліксіздігінің салдарынан соқыр болып қалды.

Англияның Бристоль қаласының тұрғыны жеген тағамдарындағы дәрумен жеткіліксіздігінің салдарынан соқыр болып қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

19 жастағы жігіт соңғы 10 жылда тек қытырлақ картоп, фри картобы, шұжық және доңыздың сүрленген еті қосылған сэндвичпен ауқаттанған. Ол басқа тамақты жеуден бас тартқандықтан, ата-анасы үйге осы тағамдарды алып келіп жүріпті. Салдарынан 14 жасында денсаулығына қатысты қиындықтар туындап, жиі шаршап, әлсіреп қалатын болған. 

Ауруханада жүргізілген тексерулер барысында жасөспірімнің қаны аз екені анықталған. Дәрігерлер оған дәруменді инъекциялар курсын тағайындап, ет, көкөністер мен жемістерден тұратын диета ұстауға кеңес беріпті. Алайда ол дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспай, жылдам әзірленетін тағамдарды жеуді жалғастырады. Осының нәтижесінде 15 жасында көру және есту қабілеттері нашарлаған. 

Мұнан кейін жүргізілген талдаулар пациенттің организміне B12, D және мыс жетіспейтінін көрсеткен. Жас жігіт дұрыс тамақтанбаудың салдарынан оптикалық нейропатияға шалдығып, 17 жасында көзі мүлде көрмей қалыпты. Дәрігерлер оған тағамдық қоспаларды тұтынуға кеңес беріп, тамақтану тәртібінің бұзылуына байланысты ем тағайындаған.

«Ол қоғамнан толықтай оқшауланып қалды. Мектепті тәмамдағаннан кейін колледждің информатика бойынша курстарына түсті. Алайда ештеңені көріп, естімегендіктен, оқуын тастауға мәжбүр болды», - дейді анасы. 

Осыдан кейін анасы науқас ұлын күту үшін, жұмысын тастауға мәжбүр болған. 

Бүгінде жас жігіт толықтай соқыр деп танылды. Ол Снеллен диаграммасындағы ең үлкен әріпті ғана көре алады.  Пациенттің қашықтан көру қабілеті сақталғандықтан, ол өздігінен жүріп-тұра алады. Алайда дұрыс тамақтанбаудың салдарынан көру жүйкесі қалпына келместей зақымдалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#фастфуд