$ 498.34  519.72  4.85

Мыңға жуық үй өртенді: Теміртау қаласындағы алапат өрт әрең сөндірілген

Өртті сөндіруге өрт сөндіру поезы, жеті автоцистерна және 64 өрт сөндіруші тартылды.

Теміртау қаласындағы «Металлург ҚМК» аумағында ірі өрт болды. Салдарынан мыңға жуық үй өртеніп, екі адам зардап шекті. Төтенше жағдай туралы ақпарат Instagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасына жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру поезы, жеті автоцистерна және 64 өрт сөндіруші тартылды.

«Негізгі күштер тұрғын үйлерді, темір жолдарды, Жаңа ауыл бекетінің объектілерін және «Металлургическая» қосалқы бекетін қорғауға бағытталды. Өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігінің арқасында бұл маңызды нысандарды өрт шалмады», - деп хабарлады ТЖБ өкілі.

Өрт сөнгеннен кейін 1932 және 1936 жылы туған екі қарт әйел табылды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі хал-ахуалы нашарлап, әлсіреп тұрғанын айтқан, ал екіншісі ІІ-ІІІ «А» дәрежелі күйік алған.

ТЖБ мәліметтеріне сәйкес, алдын ала бағалау бойынша, 700-ден аса қараусыз қалған және 20-ға жуық саяжай құрылыстары, сондай-ақ, 160 гектар алқаптағы шөп жанып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары