Белгісіз біреулер Өзбекстаннан Атырауға бара жатқан жүк көліктеріне тас лақтырған. Бұл туралы Facebook желісінде Нурилло Нуритдинов деген қолданушы «ОСА» БҰ тобында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жазба авторының айтуынша, оқиға 7 қыркүйекте салмақ өлшеу бақылау бекетінен 5 шақырым жерде болған. Оқиғадан кейін түсірілген видеодан тас тиген көліктерді көруге болады.