$ 448.89  477.93  4.76

«Оның арқасынан пышақ та сұққан»: Петропавлда елді дүрліктірген азамат ұсталды (ВИДЕО)

Бұл оқиға қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізіліпті. Ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмақ.

Ер адам өзіне ескерту жасаған кісіге итін айтақтап, ал полиция келгенде, газды қосып, есікті ашпай, "үйді жарып жіберем" деп қорқытқан. Петропавлда ескерту жасаған адамға ит айтақтап, кейін жетінші қабаттағы пәтерінен шықпай қойған ер адамды арнайы жасақ ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бәрі 20-шы шағын ауданда тұратын екі тұрғынның арасындағы кикілжіңнен басталған. 39 жастағы ер адам питбулімен серуенге шыққан да, көшеде кетіп бара жатқан кісі иттің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасайды. Бұған ит иесі қатты ашуланыпты.

«102 нөміріне ит қауып алған азаматтан қоңырау түсті. Ит иесі оның арқасынан пышақ та сұққан екен. Ер адам үшінші қалалық ауруханаға түсті. Жедел тергеу тобы күдіктінің пәтеріне кіре алған жоқ, себебі 39 жастағы қала тұрғыны қарсылық танытты, - деп Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Оқиға орнына облыстық және қалалық полиция, прокуратура және төтенше жағдайлар департаменті аттанды. Подъезде газ бен электр жарығын өшіруге шешім қабылданған.

Полицейлер келген бойда пәтер иесі мен бірге тұратын 37 жастағы әйел терезеден секірмек болған. Ер адам үшкір заттарды алып шығып, қолын кескілепті.

«Полиция өрт сөндіру баспалдағын пайдаланды, алайда пәтер иесі терезесін ашып, полицейлерге пышақ, басқа да өткір металл заттарды сермеп, кейін терезені тез жауып алған. Ар жағында питбулі үріп жатты», - деп мәлімет берді полиция.

Ақырында үш арнайы жасақ қызметкері терезені шағып, пәтерге кіріп, қаруланған үй иесін құрықтады, ал итті арғы бөлмеге қуып тыққан.

Бұл оқиға қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлімі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізіліпті. Ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмақ. 

Айта кетсек, қала тұрғынына үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сонша мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары