$ 494.87  520.65  4.91

9 жасөспірімді қаққан: Хромтаудағы жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталды

Жол апаты салдарынан колледждің 8 студенті мен орта мектептегі дайындық сыныбының бір оқушысы Хромтау қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

Хромтауда көліктің бір топ адамды соғуы салдарынан 9 тұрғын зардап шеккен. Олар – студенттер мен оқушы. Барлығы ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, оқиға 14 қыркүйек күні шамамен 09:55-те болған.
«ВАЗ 21140» көлігінің жүргізушісі кәмелет жасына толмаған адамдар тобын соғып кеткен.

Яғни 20 жастағы жүргізуші көлік тұрағынан жүретін жолға шыққан. Алайда рөлге ие бола алмай, жол жиегінде кетіп бара жатқан кәмелет жасына толмаған балаларды және «Хромтау тау-кен техникалық колледжінде» оқитын студенттерді қағып кеткен.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда бірнеше уақыттан кейін полиция қызметкерлері оны ұстады. Көлік айыппұл тұрағына қойылған.

Жол апаты салдарынан колледждің 8 студенті мен орта мектептегі дайындық сыныбының бір оқушысы Хромтау қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Оларға мекемеде медициналық көмек көрсетілген.
Зардап шеккендердің жартысы ақ халаттылардың көмегінен кейін үйіне қайтарылса, аздаған жарақат алған үш зардап шегуші медициналық мекемеде қалып отыр.

Айта кетейік, аталмыш факті бойынша көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 3-бөлігі және 610-бабының 3-бөлігімен іс қозғалды.

Жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі жоқ. Қосымша деректер анықталып жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жас жігіттің бір топ адамды соғып кеткені хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары