Бір әйел Қостанайдағы көпірден өзенге секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады Stan.kz аймақтағы полицияға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 қазан күні таңғы сағат 10-да болды.
Куәгерлер полицияға қоңырау шалып, бір әйел «Үлкен көпірмен» көтеріліп бара жатқанын айтты. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері өзеннен әйелдің денесін тапты.
Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ.
Полиция «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.