24.10.2019, 14:10

Көшпелі цирктегі аю өз үйретушісін жығып алып, талап тастады (ВИДЕО)

Цирктің екінші қызметшісі дереу жүгіріп келіп, жыртқышты тепкілей бастайды...

Карелия республикасының Олонец қаласында цирк қойылымы кезінде аю өз үйретушісіне тап берді, деп хабарлады BAQ.KZ, «Пятый канал»-ға сілтеме жасап.

23 қазан күні кешке болған оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

«Кадрларда үйретушінің айтқандарын екі етпей орындап жүрген аюды байқауға болады. Кейіннен ол аң аяқ астынан ер адамға тарпа бас салып, оны жерге құлатады. Цирктің екінші қызметшісі дереу жүгіріп келіп, жыртқышты тепкілей бастайды. Алайда, аю оның бұл әрекетіне назар аудармайды», - делінген хабарламада.

Видео авторының мәліметінше, оқыс оқиға орын алса да, цирктегі шоу жалғаса берген. Әйелдің айтуынша, аюға таланған адам аман-есен. Дегенмен, оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Цирк көшпелі болған.

Тегтер: жыртқыш аю цирк