$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған жүргізушілердің 900-ге жуығы мас болған

Жалпы, жыл басынан бері 110 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Жамбыл облысында соңғы 4 күн ішінде үш мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізушілердің басым көпшілігі жол-қозғалыс ережесіне бағынбаған. Мысалы, осы апта ішінде 500-ден астамы жылдамдықты шамадан тыс асырды. Сонымен қатар қауіпсіздік белбеуін тақпай, рөлде отырып, телефонмен сөйлескен 600-ге жуық азамат жауапқа тартылды. Аймақта, әсіресе, мас күйінде көлік жүргізу дерегі көбейген. Облыстық Полиция департаменті мамандарының айтуынша, жыл басынан ішімдік ішіп рөлге отырған 900-ге тарта жүргізуші ұсталып, жазаланған.

Жол ережесін жаяу жүргіншілер де бұзған. Рұқсат етілмеген жерден өткен жүздеген тұрғынға ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды.

«Осы 4 күн ішінде 400-ге жуық жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы, жыл басынан бері 110 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды», - дейді облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Роллан Қуанышаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары