$ 498.34  519.72  4.85

71 жастағы кейуананы қорқытып, тонап кеткен қылмыскер қолға түсті

Зардап шеккен әйел оны танып, қылмыскердің сол екенін растады.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Елордалық полицейлер 71 жастағы әйелді тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жеке көлігімен адамдарды тасумен айналысқан қаскөй жол-жөнекей қарт адаммен ақшасын келісіп, көлігіне отырғызған.

«Алайда, ер адам басқа тұйық көшеге бұрылып, әйелді қайшымен қорқытып, тығырыққа тіреген. Кейуана қорыққанынан бар ақшасын берген. Артынша, ер адам көлігіне отырып, бой тасалаған», - делінген ПД хабарламасында. 
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамды құрықтады.

Зардап шеккен әйел оны танып, қылмыскердің сол екенін растады.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар (ақша) тәркіленді. «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.
Ұсталған азаматтың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен адамдарға Нұр-Сұлтан қаласы ПД Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайы бойынша немесе мына телефон нөмірлері 71-61-51; 71-63-16 немесе 102 бойынша хабарласуларын сұрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары