$ 448.15  483.46  4.86

Жылқы көк түтінге оранған аймақтан үйірін құтқарды (ВИДЕО)

Видео мал фермаларының бірінен жануарларды эвакуациялау кезінде түсірілген.

АҚШ-тың Калифорния штатында болған қатты өрт кезінде үйірін құтқару үшін жанып тұрған аймаққа кіріп кеткен айғыр көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Сими-Вэлли қаласы маңындағы мал фермаларының бірінен жануарларды эвакуациялау кезінде түсірілген.

Роликте көк түтінге оранған жайылымға кіріп кеткен жануар анық көрінеді. Сөйтіп, ол өзімен қатарлас жылқыны және кішкентай құлынды көрген соң үшеуі бірге сыртқа қарай, қауіпсіз жерге шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылқы #өрт