$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды

Автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған.
Фото: Alau.kz
Фото: Alau.kz

Қостанай облысының Затобол кентінде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды, деп жазады alau.kz. 

Облыс орталығының маңындағы ауылда жолаушылар автобусы мен Volkswagen Tiguan жеңіл автокөлігі соқтығысты. Кейін автобус тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, үйдің өзіне соғылған.

Автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған. 

"Қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел орындық пен панельдің арасына қысылып қалған. Бас миы зақымданып, қабырғалары сынған. Алған жарақатынан марқұм ауруханада көз жұмды", - делінген Денсаулық сақтау басқармасы жолдаған хабарландыруда.

Ал 42 жастағы автобус жүргізушісіне «қабырғаларының жабық сынығы, денесінің соғылуы» диагнозы қойылды».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары