$ 494.87  520.65  4.91

«Шашынан жұлып, темір торға ұрып»: жоғары сынып оқушыларынан қысым көрген қыз ауруханаға түсті

Мектеп директоры 9 сынып оқушылары жабылып ұруы мүмкін емес деген. Бірақ 30 қазан күні 12 жастағы оқушыны бірнеше қыздың тепкісінен арашалап қалдым деген ауыл тұрғыны көргенін баяндап берді.
фото: bash.news
фото: bash.news

Алматы облысының Талғар ауданында жоғарғы сыныптың қыздары қысым көрсетіп, күш қолданды деген оқушы ауруханаға түсті. Алтыншы сынып оқитын қыздың қан қысымы күрт көтеріліп, денсаулығы нашарлаған. Қыздары үшін алаңдаған ата-ана аудандық білім бөлімі мен мектеп әкімдігі жәбірлендім деген қыздың өзін кінәлі етпекші дейді.

Талғар ауданының Гүлдала мектебінде жоғарғы сынып қыздарынан қысым көрдім деген 12 жастағы Еркеназ қазір Алматы аймақтық клинакалық емханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер Еркеназ ауруханаға түскенде оның денесінде жарақаттар болғандығын және миы шайқалғандығын растайды. 

«Келіп түскендегі қыз балаға жабық бас ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде және құрсақ қуысының беткі қабатының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноздар қойылып, ауруханаға орналастырылды. Әлі емделуі керек, дәрігерлердің бақылауы қажет. Қазір нейрохирург дәрігерінің бақылауында, кейін нервопотолог дәрігерлердің бақылауы жүргізілерді», - деді аймақтық балалар ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев. 

Қысымы жиі көтеріліп, басы айналған оқушының денсаулығы түзеліп келеді екен. Ал қызын уайымдаған анасы ауруханадан шықпайтын көрінеді. Дәрігерлер емдеу мекемесіне полиция қызметкерлері де келіп кетіпті. Аудандық полицейлер мектеп оқушыларына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ал, мектеп директоры 9 сынып оқушылары жабылып ұруы мүмкін емес деген. Бірақ 30 қазан күні 12 жастағы оқушыны бірнеше қыздың тепкісінен арашалап қалдым деген ауыл тұрғыны көргенін баяндап берді. 

«Бір қызды үш-төрт қыз жабылып ұрып жатқандығын байқадым. Мен келіп жеткенше, ұрып жатқан қыздар жан-жаққа қаша жөнелді. Ал жәбірленуші қыз басым басым деп жерден тұрмай жатты», - дейді Гүлдала ауылының  тұрғыны. 

Оқиға үстіне ойда жоқта тап болдым деген куәгер Еркеназды шашынан жұлып, темір торға ұрып жатқан қыздардың бірінің шашы ұзын екендігін байқап қалыпты. Жәбір көрген оқушыны кішкентай кезінен бастап білемін деген ауыл тұрғыны кейінгі кезде қыздың мінезі өзгеріп, жиі мұңайып жүргендігін айтады. 

Аудандық білім бөлімі алтыншы сынып оқушысының ауруханада жатқандығынан хабардар, бірақ тергеу аяқталмай ешнарсе айта алмаймыз дейді. 

«Оқиғаға қатысы бар үш 9-сыныпта оқитын мектеп қыздары сабаққа қатысып жүр. Олар қазір тіркеуге алынып, іс-әрекеттері бақыланып отыр», - деді Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы Зульфира Садықова.

Есепке алынған үш қызға да ұстаздар жақсы мінездеме беріпті. Ал шу шыққан мектепті 14 жылдан бері басқарып келе жатқан директор оқиға демалыс уақытында болғандықтан оқушы қауіпсіздігіне жауапты емеспін деген. Қыздың анасының айтуынша баласының денесінде жарақаттар болуына қармастан жергілікті тәртіп сақшылары «Қорқыту, үркіту» бабы бойынша іс қозғаған. 
 

Дереккөз: aqmeshit-zhastary.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары