Мәскеуде жол жүру үшін клиенттен 41 мың рубль немесе 250 мың теңге талап еткен таксиске қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Шетелдік бір жерден екінші жерге жету керек болғандықтан ол жеке такси қызметін пайдалануды ұйғарды. Екі орын Мәскеу айналма жолының ішінде болғандығы айтылады.
Алдын-ала ақпарат бойынша, таксист жолаушының мәскеулік емес екенін ескеріп, қосымша ақша табуды ұйғарды. Жолаушыдан 250 мың теңге ақша сұрады. Жолаушы дауласпай көрсетілген соманы төледі. Алайда, жәбірленуші таксиден түскеннен кейін полицияға жүгінген.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған такси жүргізушісінің қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Полиция шетелдік жолаушының мобильді қосымшаларды немесе такси қызметін пайдаланбай, таксиді жолай тоқтатқанын айтты.