Оқиғалар 10.11.2019 сағат 11:10

Жоғарғы қабаттан секірмек болып, балконға асылып тұрған мас жігіт құтқарылды (ВИДЕО)

«Егер полиция қызметіне хабарланбаған жағдайда қайғылы оқиға орын алатын еді. Біз жігітті аман алып қалғанымызға қуанып отырмыз», - дейді тәртіп сақшылары.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешендерінің бірінде отбасылық кикілжің орын алған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары бесінші қабаттан секіріп кетпекші болған жас жігітті байқаған, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ащы суға» сылқия тойып алып, ағасына ренжіген 20 жастағы жігіт жоғарғы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Мас жігіт туыстарының сөздеріне көнбей, балконда асылып тұрған көрінеді. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, туыстарына жігітті тәртіп сақшыларының көмегімен көтеріп, қайтадан пәтерге кіргізіп алу мүмкін болған.

Ағайындылардан түсініктеме хат алынып, полицейлер профилактикалық әңгімемен шектелді. Оқиға бойынша жинастырылған материалдар арыздарды тіркеу кітабына енгізілді.

«Егер полиция қызметіне хабарланбаған жағдайда қайғылы оқиға орын алатын еді. Біз жігітті аман алып қалғанымызға қуанып отырмыз. Алдағы уақытта бұл жағдай оған үлкен сабақ болады деген үміттеміз. Біз бұндай жағдай болмас үшін әрқашан көмек қолын созуға дайынбыз», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар