$ 448.15  483.46  4.86

Нұр-Сұлтанда қар тазалаушы трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты

Шамамен 9:10-да Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылының бойында автобус басты жолмен кетіп бара жатқан. Қар тазалаушы трактор №40 автобусқа жол бермеген.

Нұр-Сұлтанда қар тазалаушы трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Болжаммен, трактор жолаушылар автобусына жол бермеген. Шамамен 9:10-да Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылының бойында автобус басты жолмен кетіп бара жатқан. Қар тазалаушы трактор №40 автобусқа жол бермеген", - делінген полиция хабарламасында.  

Трактор жүргізушісі соқтығысуға себепкер болған.  

"Қазір тексеру жүріп жатыр, полицейлер оқиға орнында. Трактор Пушкин көшесіне солға бұрылып жатқан, ал автобус тіке кетіп бара жатқан. Автобуста жолаушылар болған", - деді полицейлер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары