$ 494.87  520.65  4.91

Бір адам қайтыс болған: Алматыда үш қабатты тұрғын үй жарылды

1983 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр. Оған аралас жарақат диагнозы қойылды. Денесін 100 процент күйік шалған.

Алматыда газдан үй жарылып, зардап шеккен үш адамның бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Денсаулығының жағдайы өте тұрақсыз болған 1983 жылғы науқастың таңертең жүрегі тоқтап, реанимациялық шаралар қолданылды. Бірақ, одан нәтиже болмады. Науқастың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

11 қараша күні таңертең Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Постышев көшесінде үш қабатты тұрғын үй жарылып, зардап шеккен үш адам №4 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

"1983 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр. Оған аралас жарақат диагнозы қойылды. Денесін 100 процент күйік шалған. ІІІ дәрежелі күйік. Ер адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алуда. Науқастың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. 2000 жылғы зардап шегушіге аралас жарақат диагнозы қойылған. Денесінің 85 процентін күйік шалған. ІІІ дәрежелі күйік. Жағдайы өте ауыр. 1996 жылғы науқастың диагнозы - І-дәрежелі күйік, яғни денесінің 22 процентін, атап айтқанда беті, денесін және аяғын күйік шалған. Науқастың жағдайы өте қиын, бірақ тұрақты", - деген еді осыған дейін №4 Алматы қалалық ауруханасының Күйік шалу бөлімінің бастығы Нұржан Биқоңыров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үй #газ #зардап