10 қазанда кәмелетке толмаған балалар арасында төбелес болған. Төбелес кезінде бір бала қайтыс болып, қалған екеуі пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Тengrinews.kz, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 99-бабының 2-тармағының 1,7,9,14-бөлімдері бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты, Полиция департаменті балалардың тәрбиесіне дұрыс қарау ата-ананың бірінші міндетін екенін алға тартып, ата-аналардан балаларының заңға қайшы әрекет етпеулерін сұрайды», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 15-бабы негізінде 14 жасқа толған балалар қылмыс жасаған уақытта заң алдында жауап береді, 99-бап (кісі өлтіру), 106-бап (денсаулыққа ауыр түрде зиян келтіру), 279-бап бойынша жалған ақпарат берген жағдайда және басқа да ауыр қылмыс жасаған кезде жауапқа тартылады.