$ 448.89  477.93  4.76

Фарштың арасына 200 келі есірткіні жасырған

Оның құны 20 миллион фунттан асады.
фото: foodnewstime.ru
фото: foodnewstime.ru

Ұлыбританияға  туралған еттің арасынан есірткі табылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Ұлттық криминальдық агенттіктің хабарлауынша, туралған ет Ұлыбританияға жүк көлігі арқылы жеткізілмек болған. 
Голландиялық фирмаға тіркелген жүк көлігі Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Харвич қаласына бара жатқан. Шекарашылар Нидерландияның Хук-ван-Холланд портынан шыққан көлікті 11 қарашада тексерген. Туралған етке тығып, коробкаға салынған кокаинның салмағы 200 келідей. Оның құны 20 миллион фунттан асады. Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#есірткі