Түні бойы телефон қараған қыздың көз жанары көрмей қалған, деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған aikyn.kz.
Қытайдағы Шэньчжэнь қаласының тұрғыны түнімен смартфонды пайдаланған. Телефонда ойын ойнаған. Таңертең оянғанда тағы да смартфонға үңілгенде көзі көрмей қалғанын сезген. Дәрігерлер көздің ішкі тор қабығында қан ұйып қалғандықтан, соқыр болғанын айтқан.
Анықталғандай, көзге шамадан тыс салмақ түсіп, тамырлары жарылып кеткен.