Оқиғалар 16.11.2019 сағат 12:30

«Ашық шайқасқа шыға бастады!»: Түркістан облысында сақалды жігіт көк жалаушаны аяққа таптады (ВИДЕО)

«Балалардың болашағы үшін алаңдаймын! Кеше Ақтөбедегі футболшылар әнұранды сыйламай, шіреніп тұрып еді, бүгін біреуі жалау теуіп жүр! Бұл еліміздің тәуелсіздігіне сәләфиттер көз тікті деген сөз!».
«Ашық шайқасқа шыға бастады!»: Түркістан облысында сақалды жігіт көк жалаушаны аяққа таптады (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі заңгер, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек facebook парақшасына бір мектеп ауласында болған жағымсыз жайттың видеосын жүктеді. Онда үстіне спорттық киім киген, қауға сақалды, шолақ балақты жігіт мектеп оқушысының қолындағы еліміздің көк жалаушасын жұлып алып, аяққа таптап жатқаны анық аңғарылады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түркістан Облысының Полиция Департаменті назарына!

Біздің облыста болған жағдай дейді. Нақты қай аудан екені белгісіз, мына жігітті тауып алып, көк туымызды жерге таптағаны үшін қылмыстық жазаға тарту керек! Әкімшілік емес, қылмыстық!

Мектептің ауласына кіріп, сақалды оңбаған, өзі адасып жүргені аздай, балаларды да азғырмақшы ма? Мектептерде қауіпсіздікті күшейту керек! Мектептерге діни ағымда жүрген сақалдыларды жолатпау керек! Не деген агрессия?!

Балалардың болашағы үшін алаңдаймын! Кеше Ақтөбедегі футболшылар әнұранды сыйламай, шіреніп тұрып еді, бүгін біреуі жалау теуіп жүр! Бұл еліміздің тәуелсіздігіне сәләфиттер көз тікті деген сөз! Бұлар билікке шығу үшін ашық шайқасқа шыға бастады! ҰҚК қолға алу керек тез арада!» - деп дабыл қақты заңгер.

Оған пікір жазған көпшілік «Бұлар әбден кұтырды. Бұл бахабит бәрімізге қол қойып тұрғаны ғой, туымызды жерге тастап, тепкілеп. Оңбағанды жазалау керек», «Мынауың таза хайуан ғой», «Мынау – террор», «Елдегі діни ахуал өте нашар» деп шуласты.

Оның ішінде Қуаныш Хан есімді азаматтың «Осы ту менің де әбден көзіме жиіркенішті көрініп жүр (кішкентай қол жалауды айтам). Ұрыотан Назарбаевты күтетін кезде оқушыларға, мұғалімдердің қолына ұстатып, бұлғатып қоюшы еді. Содан бері осы қол жалауды жеккөріп кеттім», - деген негатив пікірі де жүр. Оның қандай пиғылдағы адам екені белгісіз, алайда, осы сөзімен-ақ, жалаушаны аяққа таптаған анау сақалды жігіттің «ауылынан алыстап» тұрғаны шамалы.

Ал Jibek Ashirhantegi есімді желі қолданушы: «Мына малғұнды жердің астынан болса да табу керек. Міне, осындай іштен шыққан сатқындардың кесірінен талай жастар қыршынынан қиылып, басқа ағымның жетегінде кетті. Елді осылардан тазарту керек тез арада», - деп ашынып отыр.

Бұл ретте, Айя Булатова есімді жергілікті тұрғын оқиға болған жерді жақсы білетіндігін аңғартқан. «Бұл ауланы барып қарайтын болсаңыз, кез келген адам кіріп-шыға береді. Мен мына бейтаныс кісіні Мура деген болар деп жобалап тұрмын. Егер сол болатын болса, арақпен дос болған, көшеде жүретін кісі. Оны анықтап тексеру керек. Мына түсірілім бесінші үйдің жанында тұрып түсірілген», - дейді ол. Сондай-ақ, жазба авторына қарата: «Айгүл Орынбек апай, бұл – Түркістан облысының 1-мөлтек ауданы. 1 үй маңындағы нөмірі 4-ші С. Сейфуллин мектебінің жанындағы алаң. Мен осы мектептің түлегі болдым. Қазақстанның жалауын аяқасты еткен бейтаныс кісінің жазасын беру керек. Осы облысқа қарасты криминалист Тәжібаев Бауыржан – менің сыныптасым. Егер жұмыстанатын болсаңыз, табу қиынға соқпайды деп сенем», - деп отыр.

Демек, бұл мәселенің мән-жайы анықталған сияқты. Енді құзырлы орган өкілдерінің тездетіп іске кіріскені ғана қалып тұр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар