16.11.2019, 15:00

Павлодар облысында локомотив пойыздары соқтығысып, машинист зардап шекті

фото: ktk.kz
Апатқа байланысты, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесе тексеру шаралары жүріп жатыр.

Павлодар облысында «Богатырь» разрезінде локомотив пойыздары соқтығысып қалды, деп хабарлайды Today.kz, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Богатырь» разрезінде екі локомотив құрамы соқтығысты. Бір машинист зардап шекті. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде оның денсаулығы тұрақты деп бағалануда. Сондай-ақ, басқа да жұмысшылардың денсаулығына қатер төнген жоқ», - делінген Павлодар облысы әкімдігінің мәліметінде.

Айта кетейік, аталған локомотив апатына байланысты, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесе тексеру шаралары жүріп жатыр.

Қазіргі кезде «Богатырь Көмір» ЖШС қызметі қалыпты режімде жұмыс істеуде.