Қарағанды облысындағы "Казахстанская" шахтасында кенші өлі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, "АрселорМиталл Теміртау" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қарашада "Казахстанская" қазандық шахтасының шебері көз жұмған. Әзірше өлім себебі белгісіз. Іс бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды.
Еске салайық, дәл осындай оқиға 8 қарашада Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында болған. "АрселорМиталл Темиртау" кәсіпорнының хабарлауынша, қызметкердің қайтыс болуы жазатайым оқиға болған. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, болған оқиға жайлы жедел түрде тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымы хабардар етілді.