$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда мүмкіндігі шектеулі студентті жатақханадағы көршісі соққыға жықты

«Пациенттің басы жарақаттанған. Бетінен соққы алған. Қажетті медициналық көмекті қабылдап жатыр. Нейрохирургиялық бөлімге жатқызылды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Алматыда Тұран университетінің мүмкіндігі шектеулі студенті Самат Рамазановты жатақханадағы көршісі соққыға жыққан. Бұл деректі қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Facebook-те қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысатын «Help Today» қорының жетекшісі Эльмира Әлиева жариялады. 

«Біздің қорымыздың қызметкері, студент Самат Рамазановты Тұран университеті жатақханасындағы көршісі соққыға жыққан. Самат көршісінен терезені ашпауын, темекі шекпеуін өтінген. Содан екеуінің арасындағы сөз таластың арты төбелеске апарған. Саматты Өсеров ұрып жыққан. Бұл оқиғадан соң жатақханаға екі рет жедел жәрдем шақырылған», - деді Эльмира Алиева. 

Самат Рамазанов Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының балалар онкологиясы бөлімінде сайқымазақ болып жұмыс жасайды. Туабітті тұқым қуалайтын мукополисахаридоз дертімен ауырады. Қазір Самат Рамазанов Бостандық аудандық Полиция басқармасына арызданып қойды. 

«Рамазановтың арызын Бостандық аудандық Полиция басқармасы қабылдап алды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалады. Сараптама қорытындысына сәйкес процессуалды шешім қабылданатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінен. 

Ал дәрігерлер Саматтың жағдайын орташа деп бағалап отыр. 

«Пациенттің басы жарақаттанған. Бетінен соққы алған. Қажетті медициналық көмекті қабылдап жатыр. Нейрохирургиялық бөлімге жатқызылды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары