$ 443.85  474.3  4.8

SPA салонның төбесінен алып жылан құлап түсті (ВИДЕО)

3 жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер "құбыжық" көргенін айтқан.

Қытайда SPA салонның төбесінен ұзындығы 4 метр, ал салмағы 19 келі болатын алып жылан құлап түсті, деп жазады Baq.kz.

Абырой болғанда, жылан келушілердің басына құлап түспеген. Ол төбеде 10 жыл өмір сүрген екен. Салон қожайыны жыланды көріп шошып кетіп, бірден полиция шақыртқан. Полиция қызметкерлері 5 минуттың ішінде "шақырылмаған қонақты" ұстап алып, зообаққа өткізген.

Daily Mail-дың хабарлауынша, оқиға 12 қараша күні Фошань қаласында болған. Жылан төбеден құлап түскенін сол салонның қызметкері көрген. Зардап шеккендер жоқ.

Ең қызығы, жыланның ойын-сауық орталығына қалай кіргені белгісіз. Салон қожайыны ғимаратта жылан барын осыдан он жыл бұрын естігенін айтады. Ал 3 жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер "құбыжық" көргенін айтқан.

Зоологтардың айтуы бойынша, жылан сол төбеде өмір сүріп, тышқандармен қоректенген (жыландар шамамен 20-25 жыл өмір сүреді).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары