$ 494.87  520.65  4.91

Алматы тұрғыны 79 жастағы туысын кір тасымен ұрып өлтіріп, қидың астына көміп тастаған

Бақтыбай ауылының тұрғыны өзінің туыс ағасының жоғалып кеткендігін, үйінде қанның іздері қалып қойғандығын айтып, хабар берген.

Алматы облысында полиция қызметкерлері 79 жастағы зейнеткердің өлімін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz, КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының сөздерінше, қартты 16 килограммдық кір тасымен ұрып өлтірген. Қылмыскер мәйітті жасыру үшін оны көңнің астына көміп қойыпты. 18 қараша күні Ескелді аудандық полиция қызметіне Бақтыбай ауылының тұрғыны өзінің туыс ағасының жоғалып кеткендігін, үйінде қанның іздері қалып қойғандығын айтып, хабар берген. 

«Әйелдің күдігі бақшада жиналып тұрған көңнің астында мәйіт табылғаннан кейін расталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сол үйдің 63 жастағы басқа тұрғыны қамауға алынды. Қылмыстың нышаны ретінде үйде табылған 16 килогаммдық кір тасы танылып, оны заттай айғақ ретінде полиция бөліміне жеткізді», - делінген ПД-нің баспасөз хабарламасында. 

Сот алды тергеу ісі ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүргізілуде. Күдікті қазіргі уақытта темір торға қамалған. 

«Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. Қолда бар ақпарат негізінде қылмыстың себебі ретінде екі ер-азаматтың арасындағы арақ ішіп отырған кезінде орын алған жанжал деп айтуға болады. Тексеріс барысы облыстық департаменттің бақылауына алынды», - деп қосты баспасөз қызметі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары