$ 498.34  519.72  4.85

«10 келі»: артық салмағы үшін ұшаққа кіргізбей қойды

Тіркеу орнында мысықты өлшегенде салмағы 10 келі шыққан. Ал компанияның ережесі бойынша жолаушы өзімен бірге тек 8 келі ала алады.

Оқиға 5 қараша күні болған. «Аэрофлоттың» жолаушысы Михаил Галин Мәскеуден ауысып, Ригадан Владивостокқа ұшып бара жатқан. Сөйтіп, ол мысығымен Мәскеуге дейін еш оқиғасыз жеткен. Ал Шереметьевке келгенде, мысықты ұшаққа жібермей қойған. Бұл жайында мысықтың иесі өзінің Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бір қызығы, бұл жағдай әлеуметтік желі пайданушыларын елеусіз қалдырмады. Осы мәселеге байланысты үлкен шу көтеріліп, бүкіл ел биліктегілерге «жануарлар иесімен бірге ұшуға құқылы» деген петиция дайындаған. 

Әуекомпания болса, мысықтың салмағы бекітілген нормадан асып кеткен соң, ұшақтың ішіне кіргізілмегенін мәлімдеді. Өйткені, тіркеу орнында мысықты өлшегенде салмағы 10 келі шыққан. Ал компанияның ережесі бойынша жолаушы өзімен бірге тек 8 келі ала алады. Сондықтан бекітілген салмақтан асса, оны багажға өткізуі тиіс.

Михаил болса, бұл әрекетті мысығы Виктордың өміріне қауіпті деп тауып, өткізбеді. Содан ол алған билетін қайтарып тастап, қулыққа бармақшы болған. Сөйтіп, әуежайдан салмағы аздау үй жануарын тауып, тіркеу орнында өлшетіп, бизнес-классқа билет алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұшақ #мысық