Румынияда 14 мың қойды тасымалдамақ болған кеме аударылып қалды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz, BBC News-ке сілтеме жасап.
Queen Hind деп аталатын кеме 24 қараша күні белгісіз себептерден су астына кеткен. Ол Мидия портынан Сауд Арабиясындағы Джидда қаласына қарай шығып, көп ұзамай аударылып қалды. Құтқарушылар тек бортта болған адамдарды және бірнеше қойды ғана жағаға алып шықты.
Су көлігінде Сирияның 22 азаматы болыпты. Олардың тек біреуі ғана ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның денесін үсік шалған дейді.