02.12.2019, 14:33

Депутаттың көлігіне белгісіз біреу оқ атып, атыс кезінде ұлы қайтыс болды

фото: Ernur.kz
Соболев оқиғаның басқа да мән-жайын айтудан бас тартты.

Киевте белгісіз біреу облыстық кеңестің депутаты Вячслав Соболевтің автокөлігіне оқ жаудырды, деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасап Sputniknews.kz.

Бұған дейін астаналық полицияның баспасөз қызметі Киев орталығында автокөлікке оқ атылғанын мәлімдеген еді. Оқиға салдарынан бір бала көз жұмды.

Осы фактіге қатысты "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Автокөліктің рөлінде мейрамхана қожайыны мен Киев облыстық кеңесінің депутаты Вячеслав Соболев болған", - делінген хабарламада.

Депутаттың өзі атыс кезінде ұлы қаза болғанын растады.

Соболев оқиғаның басқа да мән-жайын айтудан бас тартты.