03.12.2019, 13:00

Ішімдікке тойған әйел мазасын алған қыздың мойнына 3 рет пышақ сұғып өлтірді

фото: Tengrinews.kz
Үйдің иесі Татьяна мен оның азаматтық некедегі күйеуі екеуі арақ ішіп отырған. Сөйтіп мас күйінде ұйықтап қалған.

Қарағанды облысында түнімен ішімдік ішіп, ұйықтап қалған әйел жылап, мазасын алған 3 жастағы баланы пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Neonomad.kz.

«27 қарашада сағат 15:00 шамасында 43 жастағы қала тұрғыны Сәтпаев қалалық полиция бөліміне қоңырау шалып, үш жасар қыздың пышақтан жарақаттанғанын хабарлады. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетіп, бұл фактіні растады», – дейді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер өздеріне қоңырау шалған адамның мекен-жайына жеткенде үйде пәтер иесі – әйел мен оның бірге тұратын ер азаматы болған. Екеуі де мас болған. Пәтерден пышақталған үш жасар қыздың денесі табылды.

Белгілі болғандай, 3 жастағы кішкентай қыздың ата-анасы оны таныстарының үйіне қалдырып, өздері жұмыстарымен кетіп қалған. Үйдің иесі Татьяна мен оның азаматтық некедегі күйеуі екеуі арақ ішіп отырған. Сөйтіп мас күйінде ұйықтап қалған.

«Аш болды, әлде жалғыз отырудан қорықты ма, әйтеуір кішкентай қыз жылай бастаған. Оқиға сағат кешкі 16.00 кезінде болған. Ол кезде әлі мас болған әйел пышақты алып, қыздың мойнына үш рет сұққан. Естерін жинаған соң барып әйел мен ер адам жедел жәрдемге хабарласқан»,- дейді Владислав, оқиға болған үйдің көршісі.

Тергеу барысында әйел ұсталды. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, яғни «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол бойынша қылмыскерге 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Болған оқиғаның барлық мән-жайы тергеу кезінде анықталып, нақтыланады.

Тиісті сараптама тағайындалды.

 

Тегтер: 3 жасар қыз