Хабар-ошарсыз 29 қарашада жоғалып кеткен Жанар Булегенова есімді келіншектің мәйіті қоқыс жәшігінен табылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы инстаграм әлеуметтік желісіндегі @patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«3 желтоқсанға қараған түні темір қоқыс жәшігінің ішінен Жанар Бүлегенованың өлі денесі табылды. Ол 29 қарашада жоғалып кеткен еді. Арада үш күн өткеннен кейін ғана оның жоғалғаны туралы шағым түскен. 1 желтоқсан күні іздеу жұмыстары басталды. Марқұмның артында екі баласы жетім қалды. 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Полиция қызметкерлері оның өліміне күдікті ретінде 36 жастағы адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады», - делінген Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген хабарламада.
Айтпақшы, дереккөзіне сөзіне сүйенсек, мәйіттің денесі жантүршігерлік жағдайда болған. Оның денесін Қарағандыдағы металлдан жасалған контейнерлердің бірінен тапқан.